Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының Жезқазған кентін тарату туралы

Жаңа

Ұлытау облысының әкімдігінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 93/01 бірлескен қаулысы және Ұлытау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 23/213 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 желтоқсанда № 163-20 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Сәтбаев қаласы әкімдігінің және Сәтбаев қалалық мәслихатының пікірін ескере отырып, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есепті деректерден шығарылып, Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының Жезқазған кенті таратылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Әкім Д.Рыспеков
      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б.Шингисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады