Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 76 "Сәтбаев қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 маусымдағы № 122 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 маусымда № 127-20 болып тіркелді

      Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының "Сәтбаев қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 76 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 77-20 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Сәтбаев қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері, хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы К. Балмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады