Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 133 "Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 қазандағы № 194 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 14 қазанда № 150-20 болып тіркелді

      Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының "Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 9 ақпандағы №133 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №91-20 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі–Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      2) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде болған адамдарға – бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі - жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей;";

      3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 12-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.";

      4) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағы келесі редакциядағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) 25 қазан - Республика күні:

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - 20 000 (жиырма мың) теңге;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың төрағасы З. Оспанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады