Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 07/02 қаулысы. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 мамырда N 8-16-57 тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 39/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 29.10.2024 № 39/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 13 тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-4 тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін.

      2. Әлеуметтік жұмыс орындары мақсатты әлеуметтік топтар үшін ұйымдастырылады.

      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған тұлғаларға жергілікті бюджет есебінен айлық төлем 20 мың теңге көлемінде бекітілсін.

      4. "Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (Айтжанов Ж.А.) мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тапсырылсын.

      5. "Ұлытау ауданының қаржы бөлімі" ММ (Шайхин Т.З.) 2010 жылға арналған аудандық бюджетте қарастырылған қаржылардан және облыстық бюджеттің нысаналы трансферттерінен әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген мақсатты топтағы жұмыссыздардың еңбек ақысын қаржыландыруын қамтамасыз ету тапсырылсын.

      6. Ұлытау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 05/03 санды қаулысының күші жойылсын.

      Ескерту. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2010.04.05 N 05/03 қаулысы РҚАО-ға түспеген.

      7. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ә. Әбдікеровке жүктелсін.

      8. Осы қаулы 2010 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Б. Әбдіғалиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады