Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау ауданының әкімдігінің "Ұлытау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2021 жылғы 8 қазандағы № 41/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24773 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Мырзабеков |