Ұлытау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 41/1 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қазанда № 24773 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлытау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау ауданының әкімі С. Медебаев

  Ұлытау ауданының әкімдігі
2021 жылғы 8 қазандағы
№ 41/1
қаулысына қосымша

Ұлытау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындары

Сауда объектілерінің орналасқан орны

Орналасқан алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын арадағы инфрақұрылымды есепке алғандағы қызмет саласы (ұқсас бұйымдар сататын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындары)

1

Ақтас кенті, Кәсіподақ көшесі №26 Мәдениет үйінің алдында

80

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ

2

Амангелді ауылы, Амангелді көшесінің №1 үй алдында

120

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ

3

Алғабас ауылы, Берденов көшесі №9 Мәдениет үйінің сол жағында

100

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ

4

Борсеңгір ауылы, Қазақстан көшесі №7 Мәдениет үйінің алдында

100

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ

5

Жанкелді ауылы, Рысқұлов көшесі №7 үйінің оң жағында

100

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ

6

Егінді ауылы, Ерден көшесі №9 Мәдениет үйінің алдында

80

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ

7

Жезді кенті, Тоқтыбаев көшесі № 3 үйінің сол жағында

100

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ

8

Қаракеңгір ауылы, Орталық көшесі № 79 үйінің алдында

120

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ

9

Қарсақбай кенті, Болман көшесі №74 Мәдениет үйінің алдында

100

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ

10

Қоскөл ауылы, Сәтбаев көшесі №16 Мәдениет үйінің алдында

80

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ

11

Шеңбер ауылы, Ұлытау көшесі №1үй алдында

100

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ

12

Ұлытау ауылы, Абай көшесі № 29 автобекет сол жағында

100

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ

13

Сарысу ауылы, Сәтбаев көшесі №8 Мәдениет үйінің алдында

100

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ

14

Терісаққан ауылы, Талап көшесі № 9 Мәдениет үйінің алдында

100

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ

15

Мибұлақ ауылы, Тұрсынай көшесі №16 Мәдениет үйінің алдында

100

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым-жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады