Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы "Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 87 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №194757 тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 - қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысының әкімі | Б. Исабаев |
Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 мамырдағы № 139 Қаулысына қосымша |
Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы " 20 " наурыздағы № 87 қаулысына 1 қосымша |
Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Су объектісінің атауы | Орналасқан жері | Су қорғау аймақтарының ені, (метр) | Су қорғау белдеулерінің ені (метр) |
1 | Голубиновка өзені | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-100 |
2 | Мельничный өзені | Ескелді ауданы | 500 | 35-100 |
3 | Қоғалы өзені | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-100 |
4 | Сарыбұлақ өзені | Ескелді ауданы | 500 | 35-100 |
5 | Тыңбас өзені | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-100 |
6 | Рай көлдері | Ақсу ауданы | 300 | 100 |
7 | Көксай жоба аймағындағы су объектілері (Қоғалы өзені, Қосбастау, Бұлақ, Қарамола, Байғабат, Коксай, Белый ключ, Коноваловская, Бурымбай ағындар) | Кербұлақ ауданы | 500 | 35 |
Ескертпе:
су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ендері бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.