Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Жетісу облысында жылу маусымына дайындық және өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн (келісім бойынша).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Г. Тойлыбаева |
Жетісу облыстық мәслихаты 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 20-123 шешіміне қосымша |
Жетісу облысында жылу маусымына дайындық және өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы Жетісу облысында жылу маусымына дайындық және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Электр энергетикасы туралы", "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 87689 болып тіркелген) бұйрығы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 "Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 87845 болып тіркелген) бұйрығы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 331 "Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 115732 болып тіркелген) бұйрығы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 "Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 115735 болып тіркелген) бұйрығы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 255 "Сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90485 болып тіркелген) бұйрығы (бұдан әрі - Мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидалары), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 172 "Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 105080 болып тіркелген) бұйрығы, Қазақстан Республикасы Энергетики министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 "Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90558 болып тіркелген) бұйрығы (бұдан әрі - Техникалық пайдалану қағидалары) негізінде әзірленген және Жетісу облысында жылу маусымына дайындалу және өткізу тәртібін анықтайды.
1. Қағида жылу маусымының өтуі кезінде облыстың өндірістік, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және отын-энергетикалық кешені объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оларды дайындау бойынша Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және отын-энергетикалық кешені ұйымдарының қызметін үйлестіреді.
2. Осы Қағидаларды:
1) облыстың жергілікті атқарушы органдар;
2) ведомстволық бағыныстылығы және меншік нысанына қарамастан, балансында, жедел басқаруында, шаруашылық жүргізуі немесе жалдауында, қызмет көрсетуінде жылумен жабдықтау көздері, инженерлік құрылыстар, коммуникациялар және ғимараттар бар коммуналдық қызметтерді көрсетушілер мен тұтынушылар;
3) Жетісу облысының тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерін салуды, монтаждауды, реттеуді және жөндеуді орындайтын құрылыс-монтаж, жөндеу және реттеуші ұйымдары орындауға міндетті.
3. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын ұйымдары мен мекемелері тұтынушыларды жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, отынмен жабдықтау және су бұрумен тұрақты қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия тасығыштардың қажетті параметрлерін сақтайды және тұрғын үйлер мен ғимараттардағы қалыпты температуралық режимді, олардың белгіленуі мен энергия тұтынудың төлемдік тәртібін ескере отырып қамтамасыз етеді.
4. Облыстың аумағында күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа объектілердің дайындығы Жетісу облысының өндірістiк және әлеуметтiк кешенiн күзгi - қысқы кезеңде жұмысқа дайындау туралы облыс әкімдігінің жыл сайынғы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Облыс өңірлерінің инженерлік-энергетикалық кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін алдағы жылу маусымында қысқы жағдайларда жұмысқа дайындаудың жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрі - жылу маусымына дайындық жоспары) ұсыну тәртібі:
1) облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын кәсіпорындар жыл сайын 1 мамырға дейін, жылу маусымы аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарға (қалалар (аудандар) әкімдіктерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдеріне) жылу маусымына дайындалу жоспарларын ұсынады;
2) қалалардың (аудандардың) жергілікті атқарушы органдары ұсынылған жылу маусымына дайындалу жоспарларын бірыңғай жоспарға біріктіреді;
3) қалалардың (аудандардың) жергілікті атқарушы органдары жылу маусымына дайындалудың бірыңғай жоспарларын "Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жинақ үшін ұсынады.
6. Жылу маусымына дайындалу жоспарларын орындау жөніндегі есептер мына тәртіпте ұсынылады:
1) тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешенге жататын кәсіпорындары қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына – апта сайын;
2) қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен өз өңірі бойынша жинақ есепті – "Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне апта сайын;
3) "Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Жетісу облысы бойынша жинақ есепті – Жетісу облысының әкімдігіне апта сайын ұсынады.
7. Жылу маусымына дайындалу кезінде жоспарланған жұмыстар орындалмағанда есепке:
1) орындалмау себептері көрсетілген анықтама;
2) ахуалды түзету бойынша қабылданып жатқан шаралар;
3) жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімдері қоса беріледі.
8. Қалалар мен ауданның елді мекендерін энергиямен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың жедел-диспетчерлік қызметтерінің өзара іс-қимылы Техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалады.
9. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылармен (абоненттермен) қарым-қатынасы олардың арасында жасалған шартпен анықталады.
2. Жылу маусымына дайындалу
10. Жылу маусымы дайындық:
1) өткен жылу маусымында анықталған кемшіліктерді талдау, анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды орындауды;
2) жылу маусымына дайындалу жоспарларын әзірлеуді;
3) мердігер ұйымдарымен қаржыландыру және шарттар жасау, жөңдеу және құрылыс-монтаж жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешуді;
4) жылумен жабдықтау көздері және орталық жылу пункттерінде қажетті жөндеу жұмыстарын өткізу, соның ішінде қазандар, түтікшелер, құбырларды қарау және сынауды;
5) жылу желілері жұмысының жылуды беру және гидравликалық режимінің кестесін әзірлеуді;
6) инженерлік желілерде, соның ішінде қайта жаңғыртумен, күрделі және ағымдағы жөндеулермен, сынаулармен және шаюмен байланысты жұмыстарды орындауды;
7) электр көздерінде, жылу көздерінде және инженерлік желілерде пофилактикалық, жоспарлы жөндеулерді орындауды;
8) ғимараттарды (үйлерді) дайындау, ғимараттардың (үйлердің) ішіндегі инженерлік жүйелердің профилактикасы, жөнделуі және ауыстырылуы бойынша жұмыстарды өткізуді;
9) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде технологиялық апаттарды және табиғат апаты салдарларын жою үшін негізгі және резервті отынның нормативтік қорларын, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстарының апатты қорларын құруды;
10) отын қоймаларын дайындау, резервтік отын шаруашылықтардың инженерлік жабдықтарының, отын дайындау, отын беру, қоқыс және күлдерді жою жүйелерінің, теміржол және автомобиль кіреберіс жолдарының, өртке қарсы шаруашылықтың жөнделуін орындауды;
11) Мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларына сәйкес сараптамалық ұйымдарды және дайындушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау 5 жылда кемінде 1 рет жүргізуді қамтиды.
11. Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, мүлік меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания (бұдан әрі – Меншік иесінің уәкілетті тұлғасы):
құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы Заңның және басқа да міндетті нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкес үйге ортақ меншікті құрайтын коммерциялық есепке алу аспаптарының және басқа да жылу тұтыну қондырғыларының (үйге ортақ) үй ішіндегі жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйесін күтіп ұстау, коммерциялық есепке алу аспаптарының (үйге ортақ) сақтауды;
энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өкілдеріне жалпы үйге ортақ жылу есептеу құралдарына, үйішілік инженерлік желілер мен құрылыстарға кедергісіз қолжетімділікті;
барлық меншік иелері үшін көруге қол жетімді орындарда үй-жайларға және ортақ мүлікке қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді жеткізуші ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, байланыс телефондары, апаттық қызметтердің телефондары) стендтерде орналастыруды;
апаттық жағдайларды қоспағанда, меншік иелерін (пәтерлерді, үй-жайларды) әлеуметтік желілер мен хабарландыру тақталары арқылы ажырату, сынау немесе инженерлік желілердің жұмыс режимінің басқа да өзгерістері туралы алдын ала хабардар етуді қамтамасыз етеді.
12. Қарамағында электр немесе жылу желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз жылу желiлерiнің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.
Жылу желілерінің күзет аймақтарының жанында желілердің зақымдалуын тудыратын жұмыстарды жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыстардың басталуына дейін күнтізбелік 12 (он екі) күннен кешіктірмей, қарауында жылу желілері бар ұйымдармен жылу желілерінің сақталуын қамтамасыз ететін осы жұмыстарды жүргізудің талаптарын және тәртібін келіседі және өз қаражаты есебінен тиісті шараларды қабылдайды.
Қарауында жылу желілері бар ұйымның жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыстарды жүргізуге арналған жазбаша келісім беруден бас тартуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалады.
Жылу желілері құбырларының үстінде орналасқан су құбырларының, кәріздердің қолданыстағы желілерінің жылу желілерімен қиылысуы кезінде, сондай-ақ газ құбырларының қиылысуы кезінде су құбырларының, кәріздердің және газ құбырларында 2 метр ұзындықта қиылысудың (тұрғысынан) екі жағы бойынша қаптамалар құрылғысы қарастырылады. Қаптамаларда коррозиядан қорғау жабыны қарастырылады.
Жеке және заңды тұлғалар жылу желілерінің күзет аймақтарында қарауында жылу желілері бар ұйымдардың жылу желілерінің сақталуын және жазатайым жағдайларды болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарын орындайды. Қарауында жылу желілері бар ұйымдардың осы желілердің күзет аймағында жұмыс жүргізетін басқа да жеке және заңды тұлғалар адам өміріне қауіп төнген жағдайларда бұл қауіпті жойғанға дейін жұмыстарын тоқтатады.
Жер қазу жұмыстарын жүргізетін заңды және жеке тұлғалар жұмыс өндірісінің құжаттамасында көрсетілмеген жылу желілерін анықтаған жағдайда, осы жұмыстарды дереу тоқтатып, құбырлардың сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы жылу желілерін пайдаланушы ұйымға және жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.
13. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінде апаттарды жою апатты жағдайларды жою тәртібіне сәйкес және жылумен жабдықтаушы, жылу беруші және жылу тұтынушы, жөндеу-құрылыс, көлік ұйымдары және басқа қызметтердің өзара іс-әрекет регламенті ескеріле отырып жүзеге асырылады.
14. Жылу желілерін пайдаланушы ұйымдар осы желілердің күзет аймақтарында Күзет ережелерінің талаптарына сәйкес жылу желілерін жөндеу үшін қажетті жұмыстарды жүргізеді.
Жылу желілеріндегі апаттардың алдын-алу немесе олардың салдарларын жою бойынша жұмыстар жер пайдаланушының келісімінсіз, бірақ осы жұмыстарды өткізу туралы ескерте отырып жүргізіледі.
Аталған жұмыстарды орындағаннан кейін қарауында жылу желілері бар ұйымдар жер учаскелерін мақсатты пайдалануға жарамды жағдайға келтіреді.
Жол жабынының бұзылуын туғызатын жылу желілерін жөндеу және қайта жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар автомобиль жолдарын басқарушы жол органдары, жол полициясы бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдармен келісілгеннен кейін жүргізіледі.
Жолдарда жұмыстарды жүргізуге автомобиль жолдарын басқарушы жол органдарымен берілген және жол полициясы органдарымен келісілген жұмыстарды жүргізу құқығына арналған рұқсат (ордер) болған жағдайда ғана жол беріледі.
Жол органдары мен жол полициясы бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күннен кешіктірмей жүргізеді.
Шұғыл апатты қалпына келтіру жұмыстары жол органы мен автомобиль жолдарын басқарушы өкілінің қатысуымен орындалады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде жол органдары өкілінің нұсқаулары міндетті болып табылады.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін жөндеу жұмыстарын жүргізуші ұйым барлық механизмдерді, материалдарды, уақытша белгілерді, конустарды, тосқауылдарды алып тастайды, жол киімін және жолдың инженерлік орналасуын қалпына келтіреді.
Жолдарда орындалған қалпына келтіру жұмыстарын қабылдау жол органдарымен мердігер ұйымының қатысуымен жүзеге асырылады және екі жақты актімен ресімделеді.
15. Жылу көздері мен жылу желілерін пайдалану және жөндеу жұмыстарын өткізу қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
16. Жылу көздері мен жылу желілерін қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жылу аралық кезеңінде жергілікті атқарушы органдармен келісілген жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте ғимараттарды (тұрғын үйлерді) электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жылу энергиясын пайдалануға арналған үлгілік шарттың талаптарына сәйкес шаралар қабылданады.
17. Жылумен жабдықтау көздерін және жылу желілерін жоспарлы жөндеу, сондай-ақ жылу желілерінің сынауларын өткізу жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
18. Жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде жұмыстар мынадай мерзімдерде:
1) күзгі кезеңдегі жылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажеттілері – жыл сайын 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде;
2) жүктелімнің қысқы максимумын өту кезеңінде жылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажеттілері – жыл сайын 1 қазанға дейінгі мерзімде орындау ұсынылады.
Жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз етуші электр, су құбырлы және газ коммуникацияларын жөндеу және профилактакалық жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.
19. Резервтік отын шаруашылығын жоспарлы алдын-алу жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.
20. Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормасы:
1) Қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
жеткізу қашықтығы 200 километрге дейін болғанда 10 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері;
жеткізу қашықтығы 200 километрден астам болғанда 20 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері.
2) Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін, оларда қатты отын және (немесе) мазут:
авариялық отын, 5 тәулікке арналған отын мөлшері;
резервті отын, 10 тәулікке арналған отын мөлшері болып табылады.
3) Мазут жағатын отын болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін:
10 тәулікке арналған отын мөлшері, бұл ретте бір мезгілде жағылатын агрегаттар саны:
электр станциясында – номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар 4х200 мегаватт, 3х300 мегаватт және одан жоғары блоктардан;
жылу электр орталығында – номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар екі ең үлкен қазаннан аспауға тиіс.
21. Жылуды тұтыну жүйелерінің жай-күйіне және қызмет көрсетуіне тұтынушылар мен энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдар арасындағы жауапкершілік шекарасы олардың теңгерімдік тиесілігінде немесе келісімі бойынша анықталады және жылумен жабдықтауға арналған шартқа қоса берілген тараптардың пайдалану жауапкершілігі актісінде тіркеледі.
22. Тұтынушылардың жылу тұтыну қондырғыларын пайдалануға жіберу кезінде мыналар ескеріледі:
1) жаңадан қосылатын және қайта жаңғыртылатын барлық жылу тұтыну жүйелері энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйымдармен келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес орындалады;
2) пайдалануға берілгенге дейін және әрбір жылу маусымының алдында жылу тұтыну қондырғылары қабылдау-тапсыру сынауларынан (техникалық дайындық актісімен көзделген техникалық) өтеді.
Жылу тұтыну жүйелерін пайдалануға беру тек қана тұтынушыда жылу тұтынудың сенімді әрі қауіпсіз жұмысына жауапты, дайындалған лайықты қызметшілер мен адамдардың болуы немесе осы қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы жағдайында мүмкін.
Энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйым жылу тұтыну жүйелерін үнемі пайдалануға тек оларды сынаудан кейін, анықталған ақауларды жойғаннан кейін, сараптау ұйымынан қорытындыны және жылумен жабдықтау шартының қорытындысын алғаннан кейін рұқсат береді.
3) отын-энергетикалық ресурстарды жылдық тұтынуы 500 және одан жоғары тонна шартты отын болатын жаңа объектілер мен кәсіпорындарды салу және қолданыстағыларды кеңейту жобалары және техникалық-экономикалық негіздемелері міндетті түрде энергия үнемдеу сараптамасынан өтуі тиіс.
23. Жылу желілердің құбырлары пайдалануға енгізгенге дейін монтаждалуы, күрделі жөнделуі мен қайта жаңғыртылудан кейін тазартылады.
24. Жылумен жабдықтау көздері, орталық жылу пункттері, жылу желілері және жалпы жылумен жабдықтау ұйымдарының жылу маусымына дайындығы қалалық (аудандық) комиссияның отырысында анықталады.
Жылумен жабдықтау көздерінің дайындығы мына шарттар кезінде расталады:
1) негізгі және қосалқы жабдықтардың жоспарлы жөндеуін орындау;
2) жылу желілері мен жылу көздерінің есепті режимдегі жұмысқа дайындығы;
3) электрмен жабдықтаудың резервті кірмелерін сынау;
4) өндірістік ғимараттар мен жұмыс орындарын жылу, жылыту және жарықтандыру бойынша барлық жұмыстарының аяқталуы;
5) сыртқы ауа температурасының төмен болуы жағдайында жабдықтардың, технологиялық сызбалардың және құрылыстардың зақымдалуының алдын-алу бойынша іс-шараларды орындау;
6) релейлі қорғаныс және апатқа қарсы автоматика құрылғыларын тексеру жоспарларын орындау;
7) жұмыс орындарын оқытылған және аттестатталған қызметшілермен толықтырылуы;
8) жылумен жабдықтау көздеріне арналған жобаға сәйкес негізгі отын қорларын және резервті отын қорларын құру бойынша жоспарды орындау, резервті отын шаруашылығын жұмысқа дайындау бойынша кешенді жұмыстарды өткізу;
9) техникалық куәландыру және жабдықтарды сынау актісін алу;
10) күзгі–қысқы кезеңдегі кезекті жұмысқа объектілер мен жабдықтардың жылу маусымына дайындығының техникалық актісін алу.
25. Тапсырыс берушілермен (тұтынушылармен) және жылумен жабдықтаушы ұйымдармен пайдалануға қабылданбаған салынған қазандықтардың, жылу желілерінің, орталық жылу пунктерінің, сорғы станцияларының, жаңа үйлерді орталық жылу және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жылу маусымына дайындығын құрылыс ұйымдары қамтамасыз етеді.
26. Тұтынушылардың инженерлік жүйесін жылу маусымына дайындау бойынша ұйымдастырушылық іс-шаралар тізбесі:
1) инженерлік желілерді пайдалануға жауапты маманды тағайындауды;
2) инженерлік желілерді пайдалануға жауапты маманды тағайындау: энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өкілінің міндетті қатысуымен инженерлік желілерді техникалық пайдалану қағидаларын, инженерлік желілерді пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі қағидаларын оқытуды және білімдерін тексеруді жүргізуді;
3) техникалық құжаттаманың толық пакетін дайындауды;
4) бақылау-өлшеу құралдары мен коммерциялық есептеу құралдарына тексеру жүргізуді;
5) жертөле және шатырдың асты шегінде жылумен қамсыздандырудың барлық құбырларын және ыстық суды оқшаулауды орындауды;
6) кіреберістер мен жертөлелердің кіру есіктерін жөндеуді;
7) шатырлар мен жертөлелердің терезелерін жабуды;
8) баспалдақ алаңдарындағы терезелердің қос әйнегін қалпына келтiруды;
9) баспалдақ алаңдарын жылытуды қалпына келтiру және іске қосуды;
10) тұрғындардың пәтерлерді жылытуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды;
11) жылу беру пунктін жөндеу; ақтау, сырлау, қажетті жарықпен және сенімді жабылуын қамтамасыз етуді;
12) сыртқы құбырлар мен арматуралардың жылу оқшаулағышын қалпына келтіруді;
13) жылу пайдаланушы қондырғылардың орнатылған барлық тиекті, реттеуші арматуралардың тексеруін және жөндеуін өткізуді;
14) техникалық термометрлерді тексеру, кейіннен техникалық майды құя отырып гильзаны тазартуды;
15) жылу маусымы аяқталғаннан кейін жылу тұтыну жүйелерінің элементтерін механикалық тазалаумен гидропневматикалық жууды өткізуді;
16) реттеу іс-шараларын жүргізуді;
17) пломбыланған, тексерілген монометрлерді орнатуды;
18) жылу тұтынудың барлық элементтерін жылу тұтыну жүйесінің механикалық беріктігіне және гидравликалық тығыздығына (гидравликалық сығымдау) гидравликалық сынау жүргізу бойынша шаралар өткізуді;
19) ғимараттардың (үйлердің) электр сымдарының оқшауларының кедергілерін тексеруді қамтиды.
27. Инженерлік коммунаикациялар транзитпен өтетін жертөле үй-жайларын жалға алушы немесе иесі пайдаланушы ұйым қызметкерлерінің инженерлік желілерді жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу үшін (тәуліктің кез-келген уақытында апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін) қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
28. Жұмыстар орындалғаннан кейін жылу тұтыну жүйесін қабылдау жылумен жабдықтаушы ұйыммен жүзеге асырылады және екі жақты техникалық дайындық актісімен рәсімделеді.
Техникалық дайындық актісі бойынша қабылданбаған жылу тұтыну жүйесі жылу маусымына дайындалмады деп есептеледі және қайтадан техникалық тексеруден өтуі тиіс.
Жылумен жабдықтаушы ұйыммен объектінің техникалық дайындық актісі ресімделмесе жылу тұтыну жүйесін қосуға жол берілмейді.
29. Егер энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдардың қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаса, жылу энергиясының тұтынушыларын жылумен жабдықтау жүйелеріне қосуға жол берілмейді.
Жылу энергиясын тұтынушы белгісі және ұсыну режимі тұтынушымен жылу маусымына дайындау және энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдармен берілген техникалық дайындық актісінің ресімделуі және сараптама ұйымының қорытындысын алу бойынша іс-шаралар кешенін орындау жағдайында, жоспарлы жөндеу, апатты–қалпына келтіру жұмыстары жағдайын қоспағанда қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамамен бекітілген талаптарға сәйкес келеді.
3. Жылумен жабдықтау жүйесін байқап көру
30. Жылу маусымының басталуына жылумен жабдықтау көздерін, жылу желілерінің дайындығын тексеру және жасырынған ақауларды анықтау үшін жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру жүргізіледі.
31. Жылу көздері жабдықтарын қосу және ғимараттарды (үйлерді) қосу мына тәртіпте жүргізіледі:
Жылу көздер жабдықтары мен ғимараттардың жабдықтарын қосу үшін:
1) бірінші тәулікте:
жылу көздерінде жылу жабдығының сызбасын жинақтау, жабдықтарды қайта іске қосу және байқап көру, бак-аккумуляторларды барынша толтыру, жылу желілерін сумен толтыру, берілетін және қайтарымды құбыр қысымына қою және циркуляцияны орнату бойынша жұмыстар орындалады;
үйішілік жүйелерде арматураның іске қосу жағдайын орнату, таратушы құбырлар мен жылумен жабдықтау жүйелерін сумен толтыру, сенімді бақылау-өлшеу құралдары мен реттегіштерінің болуын тексеру жөнінде жұмыстар жүргізіледі;
2) екінші тәуліктен бастап кестеге сәйкес қатаң түрде ғимараттарды қосу жүргізіледі.
32. Магистральді және таратушы жылу желілерін іске қосу және байқап көру іске қосу-жөндеу бригадасымен жүргізіледі.
Іске қосуға дейін желінің іске қосылатын учаскесінің жабдықтарының жарамдылығы тексеріледі, сынау, шаю және қабылдау актілері қаралады.
33. Байқап көру үрдісінде жылу желілері, жылумен жабдықтау көздері және тұтынушылар бойынша айқындалған ескертулер жылу маусымының басына дейін жойылады.
4. Жылу режимі
34. Бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +80 С және одан төмен болған кезде қала (аудан) әкімдерінің тиісті өкімімен жылу маусымын бастау туралы шешім қабылданады.
35. Жылумен жабдықтаушы ұйымдарға 1 қыркүйекке дейін қаланың және ауданның жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру, қосу кестелері мен гидравликалық және температуралық көрсеткіштердің есептік кестелерін әзірлеу және жергілікті атқарушы органдарымен келістіру ұсынылады.
Жылу желілерінің құбырлары тұтынушыларға берілген кестеге сәйкес бекітілген көрсеткішті жылу тасығышты (су және бу) беруді қамтамасыз етеді.
Қосу кестелерінде тұтынушыларды қосудың мына кезектілігі сақталуы тиіс:
1) балалар, емдік және мектеп мекемелері, басқа оқу орындары;
2) тұрғын үйлер, қонақүйлер, жатақханалар;
3) қоғамдық және тұрмыстық ғимараттар, театрлар, мәдениет үйлері, әкімшілік ғимараттар, өнеркәсіп кәсіпорындары және басқа ғимараттар.
Бір уақытта толтырылатын үйішілік желілердің санын анықтау кезінде жылумен жабдықтау көздерінің шаруашылық-ауыз сумен қамтылуын, су дайындау және сіңдіру құрылғыларының өнімділігін ескеру қажет.
Барлық ғимараттарды (үйлерді) қосқаннан кейін пайдаланушы ұйымдар жабдықтардың күйінің тексеруін және үйішілік жүйелердің бастапқы реттелуін өткізеді.
36. Пайдалану үрдісінде анықталған жылумен жабдықтау көздерінің, жылу желілері мен үйішілік жүйелердің жұмысындағы кемшіліктер жылу маусымының басына дейін жойылады.
Жылу маусымы кезінде жылумен жабдықтаушы ұйым жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес мынаны қамтамасыз етеді:
1) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді ұсынуда барлық тұтынушылар үшін тең жағдайларды ұсынады;
2) жылу желілерінің баланстық тиесілігі бөлігінің шекарасында Шартпен белгілінген жылу энергиясы көрсеткіштерін қолдайды;
3) тұтынушымен жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді көрсетуге шарт жасайды;
4) тұтынушыға Шарт талаптарымен анықталған тәртіпте және мерзімде тиісті сапада жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді көрсетеді.
37. Жылу маусымы жарияланғаннан кейін:
1) әрбір энергия объектісінде энергия қондырғыларының (жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың) техникалық жай-күйіне тұрақты және кезеңдік бақылау (қарап-тексеру, техникалық куәландыру) ұйымдастырылады, олардың жай-күйі мен қауіпсіз пайдалануына жауапты адамдардың шеңбері айқындалады, сондай-ақ техникалық және технологиялық қадағалау жөніндегі персонал тағайындалады және лауазымдық міндеттері бекітіледі;
2) хабарландыру сызбасы нақтыланады, облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерінің жауапты қызметшілерінің кезекшілігі бекітіледі;
3) кәсіпорындарда апатты-қалпына келтіру бригадалары дайындалады;
4) ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйым қызметкерімен ғимараттың жылу тасығыш жүйесі жұмысын және жылыту күйін кезеңмен тексеру және бақылау ұйымдастырылады;
5) жылумен жабдықтау көздерінде резервтік және апатты жабдықтардың жұмысы, негізгі және резервтік отынының, құралдардың, материалдар мен қосалқы бөлшектерінің болуы тексеріледі;
6) энергия объектінің жедел және жедел-жөндеу жұмысының персоналымен жабдықтардың техникалық жай-күйін үнемі бақылауды жүргізіледі. Оларды қауіпсіз пайдалануға жауапты адамдар жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды мерзімді тексеруді жүргізеді;
7) жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуын бақылаушы адамдар энергия объектіні пайдалануда техникалық жағдайын сақталуын, олардың жай-күйін тіркеу, энергетикалық қондырғылар мен олардың элементтерінің жұмыстарындағы бас тартуларды тексеруімен тіркеуін, пайдалану-жөндеу жұмыстары бойынша құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
38. Жылу көздерінде және жылу желілерінде апатты жағдай жариялануымен:
1) тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешеннің барлық объектілерінде тәулік бойы кезекшілік енгізіледі;
2) қала (аудан) әкімінің өкімі бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарда апатты жағдайларда пайдалану үшін тетіктермен және материалдармен қамтамасыз етілген қосымша апатты- қалпына келтіру бригадаларының күшейтілген дайындығы енгізіледі.
39. Күшейтілген және есептеуден тыс режимдері кезіндегі ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымның қызметшілерінің қажетті іс-шаралары мен әрекеттері ұйымдардың тиісті шараларында көрсетіледі.
5. Жылу маусымының аяқталуы және жылуаралық кезеңде ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету
40. Жылу маусымының аяқталуы жыл сайын қала (аудан) әкімінің өкімімен хабарланады.
41. Жылу маусымы аяқталғаннан кейін ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымдар орталық жылу жүйесін өшіреді және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз етеді.
42. Жылуаралық кезеңде жылумен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыларды жылу көздері мен жылу желілерінің жабдықтарының жұмысының бекітілген сызбасы бойынша ыстық сумен жабдықтаумен қамтамасыз етеді. Су тарату нүктелеріне (крандарға, араластырғыштарға) берілетін судың температурасы техникалық және санитарлық норма талаптарына жауап береді. Ыстық суды беруде жылумен жабдықтау көздерінде ыстық сумен жабдықтау қондырғыларын жөндеу, элеваторлы тораптарды, автоматтандырылған жылу пункттері мен үйішілік жүйелерді дайындау үшін қажетті уақытқа жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелермен бекітілген мерзімінен асатын үзілістерге жол берілмейді.
43. Жылу желілерін, жылу пункттерін және жылу тұтыну жүйелерін жөндеуді бір уақытта 1 қыркүйекке дейін жүргізу ұсынылады. Ыстық сумен жабдықтаудың тоқтатылуымен байланысты жөндеудің ұсынылатын мерзімі – 14 күнтізбелік күн.
6. Жауапкершілік
44. Жетісу облысының аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдар мен қызметтердің жылу маусымын дайындау және өткізу жауапкершілігі олардың ведомстволық тиесілілігіне және меншік нысанына қарамастан қалалар мен аудандардың әкімдеріне жүктеледі.