Текелі қалалық мәслихатының 2020 жылғы 1 қазандағы "Текелі қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 51-305 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 ақпандағы № 14-73 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 28 ақпанда № 167-19 болып тіркелді

      Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Текелі қалалық мәслихатының 2020 жылғы 1 қазандағы "Текелі қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 51-305 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 147237 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-тармағындағы "150" саны "800" санымен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихатының төрағасы Б. Тугулбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады