Алакөл ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 3 мамырдағы № 30-2 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 6 мамырда № 206-19 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184104 болып тіркелген), Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алакөл ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алакөл аудандық мәслихат төрағасы Д. Каримов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады