Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 04 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109349 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауданының әкімі | У. Досымбеков |