Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданы мәслихатының "Көксу ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 16 қарашадағы № 13-55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188732 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданы мәслихатының төрағасы | Ж. Бейсенбай |