2024 жылға арналған Қарағанды облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 29 мамырдағы № 34/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 мамырда № 6605-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28188 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2024 жылға арналған Қарағанды облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2024 жылғы 29 мамырдағы
№ 34/01
қаулысына қосымша

2024 жылға арналған Қарағанды облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері

Субсидиялау түрлері

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Сомасы, мың теңге

1.

Балықтарын өсіру кезінде пайдаланылатын, отандық өндірістің балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары:




1.1

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын, отандық өндірістің балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

килограмм

500 000

52 500

1.2

Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

килограмм

100 000

28 500

2.

Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары:




2.1

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (құртшабақтар, дернәсілдер)




2.1.1

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (дернәсілдер)

дана

250 000 000

15 000

2.1.2

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (құртшабақтар)

дана

4 907 533

73 613

2.2

Ақсаха тұқымдас балықтар мен олардың будандары (дернәсілдер)

дана

20 000 000

10 000

3.

Дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

килограмм

125 000

625

4.

Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары




4.1

Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін (тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарын) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары

дана

300

3 000

4.2

Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін (бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандарын) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары

дана

5 000

150 000

5.

Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

бірлік

10

5 000

Барлығы

338 238


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады