Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теміртау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 60/1 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6119 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Теміртау қаласының әкімі | О. Таурбеков |
КЕЛІСІЛДІ:
Теміртау қалалық
сайлау комиссиясы
2024 жылғы 20 наурыздағы № 16/11 Теміртау қаласы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№ п/п | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны |
1. | Теміртау қаласы | Чернышевский көшесі, "Мимино" кафесінің жанындағы "Үгітплакат" стенді |
2. | Теміртау қаласы | Республика даңғылы бойындағы, "Старт" аялдамасы жанындағы, "Қазақстаның халык банкі" акционерлік қоғам ғимаратының жанындағы ақпараттық тақталар |
3. | Теміртау қаласы | Республика даңғылы, Ескі қала саябағындағы ақпараттық стенд |
4. | Ақтау кенті | Карл Маркс көшесі, "Ақтау" мәдени-бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жанындағы ақпараттық стенд |