Саран қаласында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 105 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 1 сәуірде № 6579-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Саран қаласында шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында туристік жарна мөлшерлемесі - болу құнынан 0 (нөл) пайыз болып бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қалалық мәслихатының төрағасы О. Баймаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады