Шахтинск қаласында және іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 341/11 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 маусымда № 6611-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына сәйкес Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шахтинск қаласында және іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Шахтинск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж. Мамерханова

  Шахтинск қалалық мәслихатының
2024 жылғы 14 маусымдағы
№ 341/11
шешіміне 1 қосымшасы

Шахтинск қаласында және іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шахтинск қаласында және іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 4 (төрт) пайыз мөлшерінде айқындалды.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      5. "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Шахтинск қалалық мәслихатының
2024 жылғы 14 маусымдағы
№ 341/11
шешіміне 2 қосымша

Күші жойылды деп танылған Шахтинск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының V шақырылған III сессиясының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 792/3 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-8-112 болып тіркелген).

      2. Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының V шақырылған IХ сессиясының 2012 жылғы 29 тамыздағы № 859/9 "Шахтинск қалалық мәслихатының ІІІ сессиясының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 792/3 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1946 болып тіркелген).

      3. Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының V шақырылған XVІІ сессиясының 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 915/17 "Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі III сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" № 792/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2318 болып тіркелген).

      4. Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы V шақырылған XХV сессиясының № 999/25 "Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі III сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" № 792/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2510 болып тіркелген).

      5. Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының V шақырылған XXVIII сессиясының 2014 жылғы 9 шілдедегі № 1047/28 "Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі III сессиясының № 792/3 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2698 болып тіркелген).

      6. Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 6 тамыздағы VI шақырылған XXIII сессиясының № 1542/23 "Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі III сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы" № 792/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4905 болып тіркелген).

      7. Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 ақпандағы № 22/2 "Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі III сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 792/3 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6190 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады