Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі III сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" N 792/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының V шақырылған XVІІ сессиясының 2013 жылғы 3 сәуірдегі N 915/17 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 сәуірде N 2318 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 341/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 14.06.2024 № 341/11 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі ІІІ сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне N 8-8-112 болып тіркелген, "Шахтинский вестник" газетінің 2012 жылғы 1 маусымдағы N 22 санында жарияланған), Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 29 тамыздағы ІХ сессиясының "Шахтинск қалалық мәслихатының ІІІ сессиясының 2012 жылғы 6 сәуірдегі N 792/3 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 859/9 шешімімен өзгерістер енгізілді (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне N 1946 болып тіркелген, "Шахтинский вестник" газетінің 2012 жылғы 18 қазандағы N 42 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Тұрғын үй көмегін көрсету ережелеріндегі 1-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;

      2) Тұрғын үй көмегін көрсету ережелеріндегі 2-тармақтың 2) тармақшасына "тұтынуға" сөзінен кейін "; " белгісі алынып тасталсын және "және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;" сөздерімен толықтырылсын;

      3) Тұрғын үй көмегін көрсету ережелеріндегі 2-тармақтың 3), 4) тармақшалары келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;

      4) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде) пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын.";

      4) Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерінің 3-тармағындағы "осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артатын отбасыларға (азаматтарға)" сөзінен кейін "жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын" сөздерімен толықтырылсын;

      5) Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерінің 4-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";

      6) Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерінің 11-тармағындағы "." белгісі "," белгісіне ауыстырылсын және "жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде) пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын." сөздерімен толықтырылсын;

      7) Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерінің 16-тармағындағы 4) 5) тармақшалары келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4) отбасының табыстарын растайтын құжаттар;

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;";

      8) Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерінің 16-тармақтағы келесі мазмұндағы 6), 7), 8), 9) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

      9) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын түбiртек-шот.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

С. Суханова

Қалалық мәслихаттың хатшысы

Ә. Сатова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады