Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 14.06.2024 № 341/11 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі ІІІ сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" N 792/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-8-112 болып тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымдағы N 22 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) орыс тіліндегі шешімнің тақырыбында "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылып, ал мемлекеттік тіліндегі шешімі өзгеріссіз қалдырылсын;
2) орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылып, ал мемлекеттік тіліндегі шешімі өзгеріссіз қалдырылсын;
3) Тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелерінің тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын: "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы";
4) кіріспеде "ұсынудың Ережесі" сөздері "көрсету Ережелері" сөзіне ауыстырылсын;
5) Ереженің 8, 9, 24 тармақтары алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Щербаков |
Мәслихат хатшысы | Ә. Сатова |