Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 3 мамырдағы № 21/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 мамырда № 6597-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48 бабына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі С. Оспанов

  Абай ауданының әкімдігінің
2024 жылғы 3 мамырдағы
№ 21/01
қаулысына қосымша

Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру тегін немесе жеңілдік шарттармен дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері

Азаматтар санаты

Жеңілділдіктер мөлшері

1

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2

Көп балалы отбасыларынаң оқушы-балалар

Тегін

3

Балалар үйлерінен оқушы - балалар

Тегін

4

Спорт ардагерлері

Тегін

5

Оқушылар

Тегін

6

Студенттер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

7

Зейнеткерлер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

      Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады