Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 07/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 ақпанда № 6464-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 04/01 "Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-10-131 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі Р. Кенжебеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақтоғай аудандық

      сайлау комиссиясы

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 15 ақпандағы
№ 07/01
қаулысына қосымша

Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Ақтоғай ауылы

Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

2

Ақтоғай ауылы

Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Күләш Байсейітова атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

3

Ақтоғай ауылы

Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Әлихан Бөкейхан атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)" жанындағы интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

4

Ақтоғай ауылы

Қарағанды облысының білім басқармасының "Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

5

Ақтоғай ауылы

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтоғай ауданының аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

6

Абай ауылдық округі

Абай ауылы, Абай көшесі 8А үйдің жанындағы ақпараттық тақта

7

Айыртас ауылдық округі

Орталық көшесіндегі саябақтағы ақпараттық тақта

8

Қарабұлақ ауылдық округі

Нарманбет ауылы, Сана би көшесі 7А үйдің жанындағы ақпараттық тақта

9

Жидебай ауылдық округі

"Дастан" дүкенінің жанындағы жарнамалық тақта

10

Жидебай ауылдық округі

"Ақнұр" дүкенінің жанындағы жарнамалық тақта

11

Қусақ ауылдық округі

Қошқар ауылы, Мәдениет көшесі 15 үйдің жанындағы ақпараттық тақта

12

Қызыларай ауылдық округі

Ақжарық ауылы, У.Жәнібеков көшесі 11 үйдің жанындағы ақпараттық тақта

13

Кежек ауылдық округі

Ақши ауылы, Бейбітшілік көшесі 11А үйдің жанындағы ақпараттық тақта

14

Қараменде би ауылдық округі

Ақтас ауылы, Еңбек көшесі 7А үйдің жанындағы ақпараттық тақта

15

Қараменде би ауылдық округі

Қуаныш ауылы, Кенішбай көшесі 24 үйдің жанындағы ақпараттық тақта

16

Нүркен ауылдық округі

Нүркен ауылы, Жалаңтөс көшесі 8 үйдің жанындағы ақпараттық тақта

17

Ортадересін ауылдық округі

Ортадересін ауылы, О.Жаутіков көшесі 20 үйдің жанындағы ақпараттық тақта

18

Сарытерек ауылдық округі

Сарытерек ауылы, Парасат көшесі 18А үйдің жанындағы ақпараттық тақта

19

Шабанбай би ауылдық округі

Шабанбай би ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі 11 үйдің жанындағы ақпараттық тақта

20

Тасарал ауылдық округі

Тасарал ауылы, Ағыбай батыр көшесі 5 үйдің жанындағы ақпараттық тақта

21

Сарышаған кенті

Абай көшесі 3 үйдің жанындағы ақпараттық тақта

22

Сарышаған кенті

Теміржол 35 көшесіндегі жарнамалық тақта

23

Шашубай кенті

Ж.Ақбергенов көшесі 3 үйдің жанындағы ақпараттық тақта

24

Шашубай кенті

Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Шашубай кентіндегі мектеп – бөбекжай" кешені" (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы жарнамалық тақта


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады