Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 5 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 7 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 маусымда № 6618-09 болып тіркелді

      Аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы 12 сессиясының №5 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6556-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      әлеуметтік көмек көрсету қағидаларының 1-тарауның 3-тармағының 1-тармақшасы көрсетілген шешіммен бекітілген, оның мөлщерін белгілеудің және Бұқар жырау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 2- тарауының 8 – тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне барлық дүлей зілзаланы немесе өртті өндіріп алу кезінде – өмірлік қиын жағдайы басталған сәттен бастап алты ай ішінде тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) иелерінің бірі - 100 ай мөлшерінде есептік көрсеткіш, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, біржолғы;";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 2- тарауының 8 – тармағының сегізінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ 1 және 2 дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, Бұқар Жырау ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға құнының 50% бірыңғай мөлшерде мектепке дейінгі білім беру ұйымына жан басына шаққандағы орташа табысты есептемегенде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Әли

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады