Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 37 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" қаулысына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 03/02 "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5172 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұра ауданының әкімі | Б. Муканов |