Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы 2 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 22 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 12 сессиясының 2012 жылғы 4 қазандағы N 118 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 қазанда N 1960 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 98 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 26.06.2024 № 98 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы 2 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 22 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-170 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі N 14 (5248) санында жарияланған), Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 тамыздағы 10 сессиясының "Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы 2 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 107 шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 1932 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі N 37 (5272) санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізіледі:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 3 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі Нұра ауданының кентінде тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иелері немесе тұрғын үйді пайдаланушылар (жалдаушылар) болып табылатын тұлғаларға тұрғын үй-жайларда (тұрғын үйде) коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлеміне тұрғын үй аумағының шекті шамасында, өтемақылық шамалармен қамтамасыз етілген жағдайда, бірақ алатын нақты жалпы аумағынан тұрғын үй-жайларда (тұрғын үйде) коммуналдық қызметтерді тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеу шығындарының мөлшерлерінен аспайтын, сондай-ақ телекоммуникациялық қызметтер көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуі, отбасы (азаматтың) бюджетінде осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын тұлғаларға беріледі. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне ақы төлеу отбасының (адамның) зейнеткерлік жасқа жетпеген мүгедектер (жалғыз тұратын мүгедектер, мүгедектерден тұратын отбасылар, 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектер, мүгедектер мен олардың күтімімен айналасатын адамдар) жиынтық табысының сегіз пайызы мөлшерінде белгіленеді, өзге санаттардағы азаматтар үшін отбасының (адамның) жиынтық табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұрақты комиссиясына (Н. Сүлейменов) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

И. Пронин

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Б. Шайжанов

КЕЛІСІЛДІ:


"Нұра ауданының жұмыспен қамту


және әлеуметтік бағдарламалар


бөлімі" мемлекеттік мекеменің


бастығы


Г.Т. Жупенова



      8 қазан 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады