Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 маусымдағы № 5/38 "Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 23/173 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 желтоқсанда № 6687-09 болып тіркелді

      Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 маусымдағы № 5/38 "Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6429-09 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерінде 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы шығындарды өтеу Қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Оқу шығындарын өтеу қаржыландырудың түсуіне қарай өткен айға жүргізіледі. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуына, мүгедектік мерзімінің аяқталуына, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуына, Приозерск қаласының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға көшу) әкеп соққан мән-жайлар туындаған кезде төлем келесі айдан бастап тоқтатылады.".

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      " 6. Оқу шығындарын өтеу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсанына жеті айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Исатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады