"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбелерін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 403 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 8 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 қаңтарда № 8487-11 болып тіркелді

      Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбелерін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 403 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5505 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасындағы 3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Мамандар: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, барлық мамандықтағы дәрігерлер, медициналық мейіргер, диеталық мейіргер, әдіскер, дефектолог, логопед, психолог, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, кітапханашы, музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), Мансап орталығының ассистенті."

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қызылорда облыстық
мәслихатымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады