"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы | М. Тлеумбетов |
Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 120 шешіміне қосымша |
Қызылорда облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7771 болып тіркелген);
2. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда облыстық маслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 25 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8309 болып тіркелген);
3. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 98 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27715 болып тіркелген);
4. "Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" шешіміне өзгерістермен толықтыру енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 135 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29525 болып тіркелген);
5. "Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы № 141 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30228 болып тіркелген);
6. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390-11 болып тіркелген).