Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 23.10.2024 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7771 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 03 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасының 2 және 4 қатарлары мынадай редакцияда жазылсын:
аталған шешімнің қосымшасы 21, 22 және 23 қатарлармен толықтырылсын:
21 | Эпилепсия | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Ауыр дәрежесі | - Вигабатрин 500 мг |
22 | Жұлын бұлшықетінің атрофиясы | Диспансерлік есепте тұрған балалар | І, ІІ типті | - Спинраза 12 мг/5 мл |
23 | Криопирин-ассоциирленген кезеңдік синдромы (CAPS) | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Аурудың полиартритикалық формасы мен жүйелер бойынша зақымдану клиникалық белгілерінің болуы, этиотропты генді-инженерлік биологиялық дәрілік препаратты ем ретінде қолдану | - Канакинумаб 150мг |
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 3-сессиясының төрағасы | І. ТІЛЕП |
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Байкадамов |