"Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 475 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 133 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 желтоқсанда № 8570-11 болып тіркелді

      Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 475 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7770 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы М. Тлеумбетов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2024 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 133 шешіміне қосымша

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2020 жылғы "21" қазандағы
№ 475 шешіміне қосымша

Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      1. Әлеуметтік қолдау ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа кемінде 5 (бес) жыл мерзімге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне (бұдан әрі - қызметкер) бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін бір жолғы көмек болып табылады және еңбек шартын жасасқаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қызметкердің жеке шотына аудару жолымен төленеді.

      2. Әлеуметтік қолдауды көрсету "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.

      3. Әлеуметтік қолдау ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа уәкілетті органмен жіберілген және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - жұмыс беруші) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасқан, жоғары медициналық білімі, тиісті маман сертификаты бар қызметкерге төленеді.

      4. Қызметкермен еңбек шарты бұзылған жағдайда, ол бұзылған күннен бастап жұмыс беруші бұл туралы уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.

      5. Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.

      6. Әлеуметтік қолдау көрсетудің мөлшері қызметкерлерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақының бір жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем ретінде айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады