Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 475 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қарашада № 7770 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 48-сессиясының төрағасы Б. Махашов
      Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы К. Бисенов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2020 жылғы 21 қазаны
№ 475 шешешіміне қосымша

Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 09.12.2024 № 133 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Әлеуметтік қолдау ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа кемінде 5 (бес) жыл мерзімге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне (бұдан әрі - қызметкер) бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін бір жолғы көмек болып табылады және еңбек шартын жасасқаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қызметкердің жеке шотына аудару жолымен төленеді.

      2. Әлеуметтік қолдауды көрсету "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.

      3. Әлеуметтік қолдау ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа уәкілетті органмен жіберілген және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - жұмыс беруші) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасқан, жоғары медициналық білімі, тиісті маман сертификаты бар қызметкерге төленеді.

      4. Қызметкермен еңбек шарты бұзылған жағдайда, ол бұзылған күннен бастап жұмыс беруші бұл туралы уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.

      5. Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.

      6. Әлеуметтік қолдау көрсетудің мөлшері қызметкерлерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақының бір жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем ретінде айқындалады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады