"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 261 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5263 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Турахметов |