"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазалы ауданының қала, кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы №198 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6341 болып тіркелген);
2) ""Қазалы ауданының қала, кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 198 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 93 шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы | Ғ. ӘЛІШ |