"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2024 жылға Маңғыстау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері, субсидиялар алу өлшемшарттары және өтінім беру мерзімдері бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2024 жылға Маңғыстау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған өтінім нысаны бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2024 жылғы 11 желтоқсандағы | |
№ 232 қаулыға | |
1-қосымша |
2024 жылға Маңғыстау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері, субсидиялар алу өлшемшарттары және өтінім беру мерзімдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем шарттары | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесінде тексеру әдісі | Өтінім беру үшін мерзім |
1 | Ірі қара малдың аналық басы |
1) өтінім берген сәтте САТЖАҚ және АШЖБЖД-да аналық мал басының тіркелген болуы; | бас | 20 000 | САТЖАҚ және АШЖБЖД мен интеграциялық өзара әрекеттесу |
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсаннан |
2 | Ұсақ малдың аналық басы | бас | 5 000 | |||
3 | Жылқылардың аналық басы | бас | 20 000 | |||
4 | Түйелердің аналық басы | бас | 20 000 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШЖБЖД – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор;
САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры.
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2024 жылғы 11 желтоқсандағы | |
№ 232 қаулыға | |
2-қосымша |
2024 жылға Маңғыстау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған өтінім нысаны
Нысан
__________________________
(облыс)
жергілікті атқарушы органы
Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия алуға арналған өтінім
Өтінім нөмірі: _____
Өтінімнің қалыптастырылған
күні: ___________
1. Тауар өндірушінің/ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы
__________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды тұлғаның атауы)
2. Тауар өндірушінің, ауыл шаруашылығы кооперативінің мекен-
жайы:_________________________________________________________
(облыс, аудан, қала, ауыл, көше, үй нөмірі)
3. ЖСН/БСН____________________________________________________
4. Банктік деректемелері (ЖСК, Кбе, БСК):___ ______________________
5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы мәліметтер:
№ | Кадастрлық нөмірі | Алаңы, гектар | Жердің категориясы | Нысаналы мақсаты |
1 | 2 | 3 | 4 | 6 |
1. | ||||
2. |
6. Тауар өндірушінің, ауыл шаруашылығы кооперативінің телефон
нөмірі_______________________________________________________
7. Субсидияланатын ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал
басының тізімі:
№ | АШЖБЖД-да тіркелген ЖСН | Жасы | Субсидияланатын ауыл шаруашылығы жануарлары иесінің - ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің (ауыл шаруашылығы кооперативі үшін) БСН/ЖСН | Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),(ауыл шаруашылығы кооперативі үшін) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | ||||
2. |
Барлығы ___ бас
8. Субсидиялау нормативі _________ теңге.
9. Тиесілі субсидияның жалпы сомасы ___________ теңге.
№ | Деректер көзі | Қажетті мәліметтер | Деректер |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Азықтық дақылдарға арналған жер учаскелерін және (немесе) шабындық (жайылымдық) алқаптарды (егістіктер, шабындықтар, түбегейлі жақсартылған жайылымдар) бөлу туралы акт | Актінің нөмірі | |
Актінің берілген күні | |||
Кадастрлық нөмірі | |||
Алаң, гектар | |||
2. | Тиісті күнтізбелік жылға азықтық дақылдарды себу алаңы (бар болса) | Азықтық дақылдар себілген алаң, оның ішінде түрлері бойынша, гектар | |
3. | Дайындалған азықтардың көлемі | Азықтардың дайындалғанын растайтын құжаттың атауы мен күні | |
Ағымдағы жылы дайындалған азықтар, оның ішінде түрлері бойынша | |||
4. | Азықтар дайындауға жұмсалған шығынды растайтын құжат | Азықтар дайындауға жұмсалған шығындар сомасы, теңге | |
5. | Азықтар сатып алу-сату шарты | Сатушының атауы | |
Сатушының БСН | |||
Шарттың нөмірі мен жасалған күні | |||
Азықтар көлемі, тонна | |||
Электрондық шот-фактураның нөмірі мен күні | |||
Шарт бойынша барлық сома, теңге | |||
6. | Екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық почта операторының ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы анықтамасы | ЖСН/БСН | |
ЖСК | |||
Кбе | |||
Банктің немесе почта операторының деректемелері, банктің немесе почта операторының атауы | |||
БСК | |||
БСН | |||
Кбе |
Жыл бойы мәлімделген аналық мал басының сақталуын (мал шығынының зоотехникалық нормасын қоспағанда) қамтамасыз ететінімді растаймын, сақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда ауыл шаруашылығы жануарының сақталмаған басы үшін алынған субсидияларды қайтаруға келісемін.
Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер және құжаттар ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.
Өтінім беруші 20__ жылғы "__"___ сағат ____ қол қойып, жіберді
Өтінім беруші туралы ЭЦҚ -дан мәліметтер.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
Кбе – бенефициар коды;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСН – жануардың сәйкестендіру нөмірі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;
АШЖБЖД – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқоры.