Мұнайлы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 6/41 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 20/113 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 қыркүйекте № 4729-12 болып тіркелді

      Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы №6/41 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4631-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге 1- қосымшада:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысына (бұдан әрі-Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін айқындайды.";

      6-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) өтініш беру алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы және келісім-шарты болғанда "бакалавр" дәрежесін алу үшін күндізгі нысан бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында студенттерге (мүгедектігі бар балалар, жетімдік, ата-анасының қамқорлығының болмауы) білім беру қызметтеріне ақы төлеуге, жылына 1 рет;";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, әлеуметтік көмекті алу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі, әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту, әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларының 3-тарауында келтірілген.

      Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұнайлы аудандық мәслихатының төрағасы Б. Билялов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жұмыспен

      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

      бағдарламалар басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады