"Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мұнайлы ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 қазандағы №265-қ қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30422 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі | Е. Кумискалиев |