Мұнайлы ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 265-қ қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қарашада № 30422 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 8 қазандағы 2024 жылғы № 237-қ қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 08.10.2024 № 237-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұнайлы ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативi қосымшаға сәйкес белгіленсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Мұнайлы ауданының әкімі Е. Кумискалиев

  Мұнайлы ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 31 қазандағы
  № 265-қ қаулысына қосымша

Мұнайлы ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

Таза кіріс 500 000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 3 пайыз

Таза кіріс 1 000 000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 2 000 000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 7 пайыз

Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 10 пайыз

Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейін

300 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 300 000 теңге + 12 пайыз

Таза кіріс 10 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

10 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 1 140 000 теңге + 15 пайыз

Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 7 140 000 теңге + 20 пайыз

Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 47 140 000 теңге + 25 пайыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады