Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 2 қарашадағы № 61 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10081 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"9) азаматқа (отбасына) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты, табыстарын есепке алмай, біржолғы, 100 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 10 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы | О. Байгабулов |