Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 552 "Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы" бірлескен қаулысына және Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 460 және Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 141 бірлескен қаулысы және шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 маусымда № 10227-10 болып тіркелді

      Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы" 2023 жылғы 27 маусымдағы № 552 Рудный қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысына және 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 Рудный қалалық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10038 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Рудный қаласы азаматтарының мынадай санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жеңілдікті жол жүру белгіленсін:

      1) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар;

      2) 15 пен 18 жас аралығындағы адамдар.".

      2. Осы бірлескен Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы мен Рудный қалалық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласы әкімі В. Ионенко
      Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады