"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, Рудный қаласы бойынша салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4% - дан 3% - ға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қалалық мәслихат төрағасы | А. Искаков |