"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" Амангелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2024 жылғы 17 маусымдағы № 95 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 24 маусымда № 10233-10 болып тіркелді

      Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Амангелді аудандық мәслихатының "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9465 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында "Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын" деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар";

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 18-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.";

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 20-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес аумақтар;

      3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес аумақтар;

      4) пайдалану қауіпсіздік техникасының арнайы қағидаларын сақтауды талап ететін қауіпті өндірістік объектілерге және өзге де объектілерге іргелес аумақтар;

      5) магистральдық темір жол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес аумақтар.".

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Амангелді аудандық мәслихатының төрағасы К. Кеделбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады