Мәслихаттың 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 464 "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2024 жылғы 7 тамыздағы № 134 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 тамызда № 10252-10 болып тіркелді

      Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 464 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9439 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында "Жиналыстарды, митингілерді және пикеттеуді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар" деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар";

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында 18-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.";

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында 20-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес жатқан аумақтар;

      3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады