Қазақстан Республикасының Жер кодексі 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31-баптарына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, кенттер мен ауылдардың басқару органдарының пікірін ескере отырып, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласының келесі елді мекендерінің:
1) жалпы алаңы 15668,5 гектар Теміржол ауылдық округі Құдайкөл ауылының;
2) жалпы алаңы 5263,4 гектар Екібастұз ауылдық округі Қаражар ауылының;
3) жалпы алаңы 3530,7 гектар Екібастұз ауылдық округі Көксиыр ауылының;
4) жалпы алаңы 7968,0 гектар Екібастұз ауылдық округі Тай ауылының;
5) жалпы алаңы 18813,0 гектар Екібастұз ауылдық округі Төртүй ауылының;
6) жалпы алаңы 21864,2 гектар Ақкөл ауылдық округі Ақкөл ауылының;
7) жалпы алаңы 14587,7 гектар Бәйет ауылдық округі Бәйет ауылының;
8) жалпы алаңы 9640,3 гектар Сарықамыс ауылдық округі Сарықамыс ауылының;
9) жалпы алаңы 4133,0 гектар Қоянды ауылдық округі Құрылысшы ауылының;
10) жалпы алаңы 13885,7 гектар Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылының;
11) жалпы алаңы 22148,5 гектар Төрт-Құдық ауылдық округі Төрт-Құдық және Бозшакөл ауылдарының;
12) жалпы алаңы 13816,1 гектар Шідерті поселкесінің шекаралары (шегі) белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Бейсекин |
Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы | Н. Макраев |