Инватакси қызметін алушылардың санаттарын кеңейту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 478/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 маусымда № 7557-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 19-бабының 20-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларының 31 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екібастұз қаласы аумағында инватакси қызметін алушылардың санаты келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

      1) бірінші топтағы мүгедектігі бар балалар;

      2) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;

      3) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар;

      4) Даун синдромы бар мүгедектігі бар балалар;

      5) балалар церебралды параличі бар мүгедектігі бар балалар;

      6) өршу сатысында қатерлі ісіктерден зардап шегуші мүгедектігі бар балалар.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады