Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 35/12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 шілдедегі № 84/27 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 шілдеде № 7574-14 болып тіркелді

      Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шарбақты аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 8 қарашадағы № 35/12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жоғарыда аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауданндық маслихат төрағасы Г. Смаилханова

      КЕЛІСІЛДІ:

      Павлодар облысының әкімдігі

      ____________ А. Байханов

      2024 жылғы "__" _________

  Шарбақты аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
22 шілдедегі № 84/27
Шешіміне қосымша
  Шарбақты аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
8 қарашадағы № 35/12
шешіміне 1 қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2–3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 523 (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шарбақты ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Ұлттық статистика Бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      6) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      7) отбасның (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа кірісі – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Шарбақты ауданының ауылдық округтері әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      3. Әлеуметтік көмек бір рет (жыл сайын) және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні;

      2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      3) 26 сәуір – радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;

      4) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

      5) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      7) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      8) 1 қазан – Қарттар күні;

      9) 25 қазан – Қазақсатн Республикасы күні;

      10) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

      5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін областың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлер;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      1992 жылғы қыркүйектен бастап 2001 жылғыақпанға дейінгі кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      2003 жылғы тамыздан бастап 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      1986 жылдан бастап 1991 жылғы дейінгі кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан жеңілдіктер бойынша мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлер;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      5) еңбек ардагерлері:

      1) Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;

      2) "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаhaрманы" атақтарына ие болған адамдар;

      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      4) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан жеңілдіктер бойынша мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адамдар деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар;

      8) мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдар;

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдар;

      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар);

      10) пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, өтініш берген мерзімде ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстары бар отбасылар;

      11) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне залал келтіруге байланысты зардап шеккен азаматтар, өтініш жасау мерзімі залал туындаған күннен бастап үш ай ішінде;

      12) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар;

      13) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселік ретінде жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті мәннен аспайтын тұлғалар;

      14) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар;

      15) сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар.

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдар.

      7. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:

      1) атаулы күндер мен мереке күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:

      15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күніне орай Мемлекеттік корпорация тізімі негізінде:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан көп балалы аналарға (отбасыларға) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;

      26 сәуір – радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне Мемлекеттік корпорация тізімі негізінде:

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларыға 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік корпорация тізімі негізінде:

      2003 жылғы тамыздан бастап 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйектен бастап 2001 жылғыақпанға дейінгі кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      9 мамыр – Жеңіс күніне орай Мемлекеттік корпорация тізімі негізінде:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiге 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде, сондай-ақ азық-түлік жиынтығы 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлерге 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде, сондай-ақ азық-түлік жиынтығы 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ азық-түлік жиынтығы 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 50 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 50 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан жеңілдіктер бойынша мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адамдар деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      1986 жылдан бастап 1991 жылғы дейінгі кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Мемлекеттік корпорация тізімі негізінде:

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне 10 (он мың) АЕК мөлшерінде;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаhaрманы" атақтарына ие болған адамдарға 10 (он мың) АЕК мөлшерінде;

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға 10 (он мың) АЕК мөлшерінде;

      30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Мемлекеттік корпорация тізімі негізінде:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 20 (жиырма мың) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарға 30 (отыз мың) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарға 60 (алпыс мың) АЕК мөлшерінде;

      1 қазан – Қарттар күніне орай Мемлекеттік корпорация тізімі негізінде:

      зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға 2 (екі) АЕК мөлшерінде;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      25 қазан – Қазақсатн Республикасы күніне орай Мемлекеттік корпорация тізімі негізінде:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мемлекеттік корпорация тізімі негізінде:

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде тұрғын үйді жөндеуге 500 (бес жүз) АЕК 6-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, жұмыстарды орындауға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге шарттар;

      6-тармақтың 1), 2) тармақшаларында, 3) тармақшасының бесінші абзацында, 4) тармақшасында, 5) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарында, 6) тармақшасының екінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін қатты отын сатып алуға (жылыту маусымында) 10 (он) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;

      6-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшасының бесінші абзацында, 4) тармақшасында, 6) тармақшасының екінші, төртінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін санаторий-курорттық емделуге 50 (елу) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш және санаторий-курорттық ем алуды растайтын құжаттар (орындалған жұмыс актісі, шот-фактура) негізінде санаторий-курорттық емделуге заңды өкілдерінің еріп жүруіне 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацтарында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш және санаторий-курорттық ем алуды растайтын құжаттар (орындалған жұмыс актісі, шот-фактура) негізінде санаторий-курорттық емделуге еріп жүретін адамның жол жүруіне, тұруына және тамақтануына 50 (елу) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацтарында көрсетілген санат үшін (жеке көмекші қызметтерін алу үшін мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірмесі бар);

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде арнайы комиссияның қорытындысына сәйкес 100 (жүз) АЕК шекті мөлшерінде 6-тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамалар;

      Шарбақты ауданының полиция бөлімі, Шарбақты аудандық пробация қызметі ұсынған тізім негізінде 6-тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шарбақты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде онкологиялық аурумен ауыратын тұлғаларға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шарбақты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шарбақты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде "жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шарбақты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде "1 типті қант диабеті" ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      6-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін сауықтыруға 25 (жиырма бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;

      6-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшасының бесінші абзацында, 4) тармақшасында, 6) тармақшасының екінші, төртінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін сауықтыруға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде арнайы комиссияның қорытындысы, учаскелік комиссияның тексеру актісіне сәйкес 3 (үш) АЕК мөлшерінде, үш, төрт абзацтарының 6-тармағы 8) тармақшасында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін;

      6-тармақтың 8) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санат үшін ауылдық жерлерде тұратын мүгедектігі бар адамдарға гемодиализ процедураларын алу үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шарбақты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде;

      Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шарбақты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде, адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға;

      Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шарбақты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде.

      8. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:

      1) біржолғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде учаскелік комиссияның тексеру актісіне сәйкес 10 (он) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алуға 6-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде жедел араласу дертінен кейін емделуге немесе оңалтуға арналған 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санат үшін, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 12 аптаға дейін жүктілікті тіркеу туралы медициналық анықтама;

      2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде бала тамағын сатып алуға 4 (төрт) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, баланың қолдан тамақтандыруда болатынын растайтын медициналық анықтама.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар облыс ЖАО-мен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 1122-тармақтарына сәйкес айқыңдалды.

4-тарау. Көрсетілген әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін

      12. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      13. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

5-тарау. Қорытынды ереже

      14. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады