Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" 2022 жылғы 20 шілдедегі № 3/342 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28868 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |
Алматы қаласының әкімдігінің 2022 жылғы |
"20" шілдедегі № 3/342 қаулысына қосымша |
Алматы қаласының әкімдігінің 2024 жылғы |
"29" тамыздағы № 3/475 қаулысына қосымша |
Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi
р/с | Мектепке дейінгі ұйымның түрі | Тәрбиеленушілер саны | айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | Айына бір балаға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) |
1 | Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік) | 37 120 | 53 878 | 25 000 |
2 | Бөбекжай-балабақша (жеке меншік) | 45 490 | 53 878 | 25 000 |
3 | Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік бөбекжай-балабақшалардың жанындағы арнайы топтар) | 224 | 97 475 | - |
4 | Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік бөбекжай-балабақшалардың жанындағы мектепалды топтар) | 115 | 23 704 | - |