"Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XV сессиясының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 96 шешiмi. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 сәуірде № 1766-02 болып тіркелді

      Ескерту. 01.03.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2 тармағымен.

      Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1735 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әлеуметтік көмек кірісті есептемей 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2023 жылғы 1 қарашадан бастап – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін 0,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 1 наурыздан – 0,75 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 1 сәуірден – 0,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мұқтаж азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      3) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      5) мүгедектігі бар баласы (балалары) бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;

      6) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға;

      7) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларына;

      8) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес жасы бойынша зейнеткерлерге;

      9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегілерді қоспағанда.".

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М.Отыншиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады