"Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XV сессиясының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 99 шешiмi. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 сәуірде № 1767-02 болып тіркелді

      Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1647 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алу үшін тұрақты тұрғылықты тіркелген жері бойынша Алматы қаласының аудан әкімдіктеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) өтінішпен мынадай құжаттарды қоса бере отырып жүгінеді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын куәландыру үшін талап етіледі);

      2) "Ленинградты қорғағаны үшін" медалінің немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісі куәліктерінің көшірмесі;

      3) жол ақысының құнын растайтын билеттер, отырғызу талоны;

      4) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.";

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      аталған шешім мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуды Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүзеге асырады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М.Отыншиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады