Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2024 жылғы 19 тамыздағы № 04 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 тамызда № 1777-02 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1546 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің №1 қосымшасында:

      № 340 сайлау учаскесінің орталығы келесі редакцияда жазылсын:

      "№ 340 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 103 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Қыдырбекұлы көшесі, № 158 үй)".

      2. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Л. Жылкыбаева

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Алматы қаласы

      аумақтық сайлау

      комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады