Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 17/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте № 7792-15 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихатының
  2024 жылғы 18 қыркүйектегі
  № 17/5 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5601 болып тіркелген).

      2. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/2 "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 16/6 шешімі.

      3. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/2 "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/11 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады