"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 2 қыркүйекте № 7788-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7637-15 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      2-тармақтың 1) – тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      " 9. Әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына табыстарын есепке алмай көрсетіледі:

      Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға жұмыс түрлері мен материалдарын міндетті түрде көрсете отырып, тіс протездеуді жүргізуге лицензиясы бар ұйымнан алынған төлем шотын ұсынған жағдайда, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын тіс протездеу ақысын төлеуге;

      Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға, санаторлық-курорттық карта ұсынылған жағдайда, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде Петропавл қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінің Қазақстан Республикасының шипажайларының (профилакториялары) санаторлық-курорттық емдеуге арналған ұсынымдарына сәйкес кезең-кезеңімен (жылына бір рет) санаторлық-курорттық емдеу құны мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының шипажайларында (профилакторияларында) санаторлық-курорттық емделуге арналған Петропавл қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінің ұсынымдарына сәйкес санаторлық-курорттық емдеу түрінде әзірленген жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда жалпы аурудан бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және жеті жасқа дейінгі, бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаторлық-курорттық емдеу құны мөлшерінде, ал санаторлық-курорттық картаны ұсынған кезде, олар "Әлеуметтік қызметтер порталы" арқылы жүзеге сырылатын болса, онда емдеу құны мөлшерінде, бірақ ағымдағы қаржы жылына санаторлық-курорттық емдеу құнын өтеудің кепілдік берілген сомасынан аспайтын мөлшерде кезең-кезеңімен (жылына бір рет). Жеті жасқа дейінгі, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмектің осы түрін көрсету кезінде бірінші, екінші, үшінші топтарға мүгедектігі бар баланы санаторлық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің біріне әлеуметтік көмек көрсетілетін соманың жетпіс пайызы мөлшерінде, жоғарыда көрсетілген санаттағы мүгедектіктің белгіленген тобы негізінде қосымша көмек беріледі;

      уәкілетті ұйым ұсынатын тізім бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ тікелей ядролық сынақтарға қатысқан басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік ардагерлер мәртебесі бар адамдарға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы ұсынған тізімдер бойынша азаматтардан өтініштер талап етілмей, табыстарын есепке алмай, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға кезең-кезеңімен (ай сайын) 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде әлеуметтік көмек көрсетіледі;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, Заңның 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендерге жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде Петропавл қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінің жолдамасы бойынша, жол жүру фактісін растайтын құжат (жол жүру билеті, электрондық жол жүру билеті, билеттерге ақы төленгенін көрсететін банктік шоттан үзінді) және ауруханаға жатқызылу фактісін куәландыратын құжаттарды (емдеу-профилактикалық мекеменің үзіндісі немесе басқа құжаттар) ұсынған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауруханаға жатқызу орнына дейін және кері қарай көрсетілген көлік құралдарының бір түріне жөнелту станциясынан темір жол, автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүру ақысын төлеуге мерзімді (жылына бір рет) көрсетіледі.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өз атынан немесе отбасы атынан әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табыстарына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмек алу үшін, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер берілмейді);

      3) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жатқызу үшін негіздердің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

      табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат, өлім жағдайында - отбасы мүшесінің қайтыс болу фактісін және онымен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар;

      әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;

      жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;

      жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы фактісін растайтын құжат;

      жасы ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмау фактісін растайтын құжат;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғынын, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат;

      4) әлеуметтік көмекті есепке алуға арналған деректемелер.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық мәслихат төрағасы А. Бердагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады