Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 147 "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 69 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 ақпанда № 7691-15 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 147 "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6368 тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айыртау ауданының әкімі Е. Бекшенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Айыртау аудандық

      сайлау комиссиясы

      __________Р. Дәулетов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы 21 ақпандағы
  № 69 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 17 маусымдағы
  № 147 қаулысына
  1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар


р/с

Елді мекеннің атауы

Сайлау учаскесінің нөмірі

Орналасқан жері

1.

Антоновка ауылы

14

Айыртау ауданы, Антоновка ауылы, Ақан-Сере көшесі, № 39 мекенжайында орналасқан Қазпошта бөлімшесі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

2.

Арықбалық ауылы

45

Айыртау ауданы, Арықбалық ауылы, Центральная көшесі, № 19 мекенжайында орналасқан "РИК" сауда орталығы ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

3.

Саумалкөл ауылы

8

Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Байкен Әшімов пен Михаил Янко көшелерінің қиылысында орналасқан "Кристалл" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

4.

Гусаковка ауылы

51

Айыртау ауданы, Гусаковка ауылы, Школьная көшесі, № 38 мекенжайында орналасқан "Луч" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

5.

Елецкое ауылы

7

Айыртау ауданы, Елецкое ауылы, Центральная көшесі, № 26/1 мекенжайында орналасқан "Рахмет" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

6.

Имантау ауылы

57

Айыртау ауданы, Имантау ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, № 36 мекенжайында орналасқан "Мега" дүкенінің ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

7.

Казанка ауылы

22

Айыртау ауданы, Қазан ауылы, Рабочая көшесі, № 17 мекенжайында орналасқан "Dostyk Dan GCK" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №3 өндірістік учаскесі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

8.

Қамсақты ауылы

18

Айыртау ауданы, Қамсақты ауылы, Озерная көшесі, № 75 мекенжайында орналасқан "ЖК Мукашова А. Б." дүкенінің ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

9.

Қаратал ауылы

27

Айыртау ауданы, Қаратал ауылы, Орталық көшесі, № 36 мекенжайында орналасқан "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

10.

Константиновка ауылы

53

Айыртау ауданы, Константиновка ауылы, Достық көшесі, № 70 "а" мекенжайы бойынша орналасқан "Константиновка-2004" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

11.

Лобанов ауылы

59

Айыртау ауданы, Лобаново ауылы, Абай көшесі, № 32 мекенжайында орналасқан "Оксана" дүкенінің ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

12.

Нижний-Бурлук ауылы

63

Айыртау ауданы, Нижний-Бурлук ауылы, Центральная көшесі, № 34 мекенжайында орналасқан "Нижнебурлук ауылдық округі әкімнің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

13.

Сырымбет ауылы

31

Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы, Школьная көшесі, № 3 мекенжайында орналасқан "Алма" дүкенінің ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

14.

Кирилловка ауылы

39

Айыртау ауданы, Кирилловка ауылы, Абай көшесі, № 35 мекенжайында орналасқан "Женис" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады